Испания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде тану жоспарын жариялады

Премьер-министр Санчестің айтуынша, дипломатиялық түрде тану шілде айына дейін жасалады

Админ
06/04/2024 - 17:22

фото AP

фото AP

Испания шілде айына дейін Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындайды. Бұл шешім басқа еуропалық мемлекеттер үшін бетбұрыс уақыты болуы мүмкін, деп хабарлайды golosameriki.com сайты.

Испанияның премьер-министрі, социалист Педро Санчес журналистерге Мадрид шілде айына дейін Палестинаның дипломатиялық жолмен тәуелсіздігін мойындайтынын айтты.

Бұл жоспарды Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес растап, ол тәуелсіз Палестинаның БҰҰ-ға кіруіне көмектесетінін айтты.

Мұндай шешім қабылдауға Израильдің World Central Kitchen ұйымына шабуылы түрткі болды. Оқиға салдарынан 7 гуманитарлық қызметкер қаза болды. Бұл оқиға Испанияның наразылығын тудырды.

Премьер-министр Санчес израильдік әріптесі Биньямин Нетаньяхудың Израиль әскерилері гуманитарлық қызметкерлерді «байқаусыз» өлтіріп алғаны туралы жауабын «жеткіліксіз» және «қабылданбайды» деп атады.

Айта кетейік, World Central Kitchen үкіметтік емес ұйымын әйгілі испаниялық-америкалық аспаз Хосе Андрес басқарады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85