Қара тізімге «Интеллект» және «Содействие» компаниялары, сондай-ақ олардың басшылары Сергей Козлов пен Федор Панфилов кірді
Оңтүстік Корея Ресей Федерациясында жұмыс істеу үшін Солтүстік Корея мамандарын тарту арқылы «КХДР ядролық және зымырандық бағдарламаларын қаржыландыруға» ықпал еткен екі ресейлік жеке және екі заңды тұлғаға қарсы санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Қара тізімге «Интеллект» және «Содействие» компаниялары, сондай-ақ олардың басшылары Сергей Козлов пен Федор Панфилов кірді.
«Интеллект» фирмасы Солтүстік Корея мамандарына, соның ішінде ІТ қызметкерлеріне Ресейде жұмыс істеу үшін құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. «Содействие» компаниясы өз кезегінде Солтүстік Корея жұмысшыларының Ресей Федерациясына кіруіне және елде заңды жүруін ресімдеуге көмектесті», - делінген СІМ хабарламасында.
Сонымен қатар санкциялар Ресейдің екі кемесіне, Angara және Lady R-ге салынды. Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл су көліктері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұза отырып, Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы әскери жүктерді тасымалдауға қатысқан.
Өткен аптада АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның жаппай қырып-жою қаруын жасау бағдарламасын қолдағаны үшін Ресейден, Қытайдан және Біріккен Араб Әмірліктерінен алты жеке және екі заңды тұлғаға қарсы санкциялар енгізді.
Басқа халықаралық компаниялардың арасында Владивостокта орналасқан және АҚШ-тың шектеулері бар солтүстік кореялық Chinyong компаниясымен байланысты ресейлік «Алис» компаниясы санкцияларға ұшыраған болатын.