ХАМАС бақылауындағы Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Израиль әскерилері «Аш-Шифа» аумағынан танктер мен басқа да әскери техникаларды алып кеткенін, олардың артында ондаған мәйіт қалғанын мәлімдеді
ХАМАС лаңкестік қозғалысымен соғыс басталғаннан бері 600 израильдік сарбаз қаза тапты. Бұл туралы дүйсенбі, 1 сәуірде таңертең Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) ақпаратына сүйенген AFP мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.
Осы мәліметтерге сәйкес, соңғы тәулікте Газа секторында 20 жастағы израильдік әскери қызметкер Надава Коэн қаза тапты. Оның өлімінің мән-жайы хабарланбады.
Аш-Шифа ауруханасындағы Операция
ЦАХАЛ наурыз айының соңында Газа қаласындағы «Аш-Шифа» ауруханалық кешенінің аумағында әскери операция жүргізді. Бұл – Палестина анклавындағы ең ірі медициналық мекеме. Израиль әскери күштерінің айтуынша, олар ауруханада қару-жарақ қоймалары мен террористік инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде ХАМАС пен басқа палестиналық террористік топтар пайдаланатын туннельдер желісіне кіру бағытын тапқан. 23-24 наурызда «Аш-Шифа» аумағында 170 адам қаза тауып, 480 адам қамауға алынды.
1 сәуірде ХАМАС бақылауындағы Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Израиль әскерилері «Аш-Шифа» аумағынан танктер мен басқа да әскери техникаларды алып кеткенін, олардың артында ондаған мәйіт қалғанын мәлімдеді (бұл ақпаратты растайтын басқа ақпарат көздері жоқ).
ЦАХАЛ бұл мәлімдемелерге әлі түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясының әрекеті нәтижесінде ауруханада қоршауға алынған «Аш-Шифаның» бес науқасының қаза тапқаны туралы хабарлады.
Израиль тарапы террористер Газа секторындағы басқа медициналық мекемелерді әскери мақсатта пайдаланады деп мәлімдеді. 31 наурызда ЦАХАЛ мәліметтер бойынша Дейр-Эль-Балаха қаласындағы әл-Ақса ауруханасының ауласында орналасқан Палестинаның Исламдық жиһад тобының командалық орталығына соққы беру туралы есеп берідді.
ХАМАС-тың Израильге шабуылы
Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюі 2023 жылдың 7 қазанында Еуропалық Одақ пен АҚШ-та террористік ұйым ретінде танылған радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысы Израильге жаппай шабуыл жасағаннан кейін басталды. Террористер Израильге жаппай зымыранмен шабуылдап, оның аумағына басып кіріп, қазіргі Израиль мемлекетінің тарихындағы бейбіт тұрғындарға қарсы ең жаппай қырғын жасады. Онда 1200-ден аса адам құрбан болды.
Содырлар 250-ге жуық адамды кепілге алып, оларды Газа секторына алып кетті. Израиль жауап ретінде ХАМАС-қа соғыс жариялады. Ел армиясы ХАМАС басқарған осы халқы көп Палестина аймағына жаппай соққы беріп, с құрлықтағы әскери операция жасады. ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газа секторында 32 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл деректерді тәуелсіз көздер растамады.