Анкара Израильді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторында атысты дереу тоқтату туралы қарарын орындауға мәжбүрлеу үшін бар күшін салуда, деп мәлімдеді Түркия президенті
Түркия 1967 жылғы шекарада және астанасы Шығыс Иерусалимде болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға ұмтылады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы митингіде айтты, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
Палестиналықтар азаттық алып, басып алған жерін қайтарып, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз мемлекет құрмайынша біз тоқтамаймыз, – деді Түркия басшысы.
Оның айтуынша, Анкара БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторында дереу атысты тоқтату туралы қарарын орындау үшін Израильге халықаралық қысым жасау үшін бар күшін салып жатыр.
Түркия Сирия, Сомали және Қарабахтағы емтиханды Газада да сәтті тапсырады, – деді Түркия мемлекетінің басшысы.