Швеция Украинаның интернет мәселесін шешуі үшін спутниктік терминалдарын жібереді

Бұл терминалдар секундына 70 мегабитке дейін жылдамдықты қамтамасыз ете алады

Sarbaz.kz редакторы
09/08/2023 - 20:25

Фото: dn.se

Фото: dn.se

Швецияның Satcube спутниктік байланыс жабдықтарын шығаратын компаниясы Украинаның соғыс қимылдарынан зардап шеккен аймақтарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету үшін жүзге жуық интернет терминал жеткізеді. Бұл туралы Швецияның Dagens Nyheter газеті жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Басылымның хабарлауынша, Satcube Украинаға терминалдар жеткізілгеннен кейін оларды интернет желісінен ажыраған аудандарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.

Компанияның бас директоры Якоб Калимердің айтуынша, жабдықтың алғашқы жеткізілімі жаздың басында болған.

Sweden posts басылымы атап өткендей, Satcube бірінші кезеңде Украинаға барлығы жүзге жуық интернет-терминал қоюды жоспарлап отыр.

Satcube компаниясының терминалдары секундына 70 мегабитке дейін жылдамдықты қамтамасыз ете алады, бұл 4G қосылымы бар телефонның максималды жылдамдығына сәйкес келеді. Компания жылдам қосылуға және геостационарлық спутниктер арқылы интернетке қол жеткізуге болатын портативті жеңіл терминалдар әзірлеп шығарады.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4