Бундесвер генерал-майоры Кристиан Фрейдинг Германия төртінші тоқсаннан бастап Украинаға тағы 100 мың снарядты жеткізу туралы екіжақты келісім жасасқанын айтты
Алдағы күндері Германия Бундесвер арсеналдарынан Украинаға 10 мың артиллериялық снаряд береді. Бұл туралы DW агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Германияның қорғаныс Министрлігі жанындағы Украина бойынша ахуалдық орталықтың басшысы, генерал-майор Кристиан Фрейдинг айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Берлинде Украинаға оқ-дәрілерді үш кезеңде жеткізу туралы шешім қабылданды. Бірінші кезеңде 10 мың снаряд жеткізілсе, екінші кезеңде Орта мерзімді перспективада Германия Чехия бастамасын қолдауға және осы жылдың екінші жартысында Киевке берілетін 180 мың снарядты сатып алу шығындарын өз мойнына алуға шешім қабылдады.
Ұзақ мерзімді перспективада, Чехия жоспарынан басқа, Германия төртінші тоқсаннан бастап тағы 100 мың снарядты Украинаға жеткізу туралы екіжақты келісім жасады. Алайда мұндай келісімнің қай елмен жасалғанын Кристиан Фрейдинг нақты айтпады.
Қазіргі уақытта Украинаға ресейлік агрессияны сәтті тойтару үшін не қажет екендігі туралы айтқан ол артиллериялық снарядтар, оқ-дәрілер мен зымырандар заманауи әуе қорғанысы жүйелеріне, сондай-ақ брондалған жауынгерлік машиналарды тілге тиек етті.
DW-ге берген сұхбатында генерал-майор Кристиан Фрейдинг Германияда украин сарбаздарын оқыту туралы да атап өтті. Өткен жылы Украина Қарулы күштерінің 10 мың әскери қызметшісі, 2024 жылдың алғашқы айларында тағы төрт мыңға жуығы неміс полигондарында оқудан өтті. Биыл ГФР Қорғаныс министрлігі Украинадан баратын сарбаздардың одан да көп санына осындай мүмкіндік беруге дайын.