«Сандырақ»: Путин Ресейдің НАТО-мен соғысуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді

Путиннің айтуынша, 2022 жылы АҚШ-тың әскери шығындары 811 миллиард долларды, ал Ресей-дің әскери шығындары 72 миллиард долларды құрады

Нұрдәулет Кәкіш
28/03/2024 - 09:56

Фото: РИА новости

Фото: РИА новости

Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының НАТО-мен соғысауы мүмкін деген сөзді «сандырақ» деп атады. Бқл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Путиннің айтуынша, 2022 жылы АҚШ-тың әскери шығындары 811 миллиард долларды, ал Ресей-дің әскери шығындары 72 миллиард долларды құрады.

«Біз бұл айырмашылықты ескере отырып, НАТО-мен соғысуымыз мүмкін бе? Бұл жай ғана сандырақ», - деді Путин Ресейдің батыс елдеріне төнген қауіп туралы.

Ресей президенті Тверь облысына жұмыс сапары кезінде әскерилермен арадағы сөзінде Ресейдің Еуропа мемлекеттеріне қатысты агрессивті ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Украинадан кейін Еуропаға шабуыл жасаймыз деген сөз - бұл барып тұрған сандырақ», - деді Путин.

Путиннің айтуынша, егер Украинаға соғысқа қатысу үшін берілген АҚШ-тың F-16 истребительдері үшінші елдердің аэродромдарынан ұшып кетсе, бұл аэродромдар Ресей әскери күштері үшін заңды нысана болып саналады. Сонымен қатар Путин F-16 бортында ядролық қаруды алып жүре алатынын еске салды.

«Біз мұны да ескеруіміз керек», - деді ол.

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81