БҰҰ: Ресей әскері тұтқынға алған 32 украиналықты азаптап өлтірген

БҰҰ сарапшылары Украинада қамауда отырған 44 ресейлік әскери тұтқыннан сұхбат алды

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 10:46

Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

БҰҰ сарапшылары соңғы үш айда ресейлік әскерилер 32 украиналық тұтқынды өлтірген болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссарының кеңсесі 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың ақпанына дейін Ресей әскері кем дегенде 32 украиналық әскери тұтқынды өлтірген болуы мүмкін екені туралы дәлелдер алды.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған баяндамада БҰҰ сарапшылары кем дегенде үш жағдайдың тәуелсіз растауын алғаны, оның барысында Украина Қарулы Күштерінің ұрысқа жарамсыз жеті сарбазының қаза тапқаны айтылған.

БҰҰ кеңсесі атап өткендей, қаза тапқан украиналық тұтқындардың саны «осыған дейінгі кез келген кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай көп».

Баяндамада тұтқындардың қаруларын түсіргеннен кейін немесе жауап алу кезінде өлтірілгені айтылады.

Нақтырақ айтқанда, БҰҰ сарапшылары куәгерлердің сөзіне сілтеме жасай отырып, Запорожье облысындағы Работино ауылы маңында ресейлік сарбаздардың бірі украиналық тұтқынының анық сөйлемегені үшін алдымен аяғына оқ атқанын, кейін оны екі оқпен арқасынан атып өлтіргенін жазады.

Баяндамада ресейлік әскерилердің тұтқынға алған украиналық сарбаздарға жасаған азаптаулары, оның ішінде ұрып-соғу, тоқпен қинау, өтірік өлім жазасына кесу және жыныстық зорлық-зомбылық туралы егжей-тегжейлі баяндалған. Кейбір жағдайларда тұтқындар Ресейдің әнұранын айтуға мәжбүр болды, сол сияқты ұйқысынан айырып немесе дәретханаға кіруіне тыйым салған.

«Біз сөйлескен әрбір украиналық соғыс тұтқыны ресейлік сарбаздардың немесе шенеуніктердің қамауда қалай азаптап, ұрып-соғып, электр тогымен қинап, ыңғайсыз жағдайда қалуға мәжбүрлегенін және келемеждеп өлім жазасына кескенін айтты. Олардың жартысынан көбі жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған», - деді БҰҰ-ның Украинадағы мониторинг миссиясының басшысы Дэниел Белл.

БҰҰ сарапшылары Украинада қамауда отырған 44 ресейлік әскери тұтқыннан да сұхбат алды.

Ресейлік әскерилер қамаудағы күнделікті азаптаулар туралы айтқан жоқ. Бірақ олардың көпшілігі тасымалдау кезінде немесе тұтқынға алынғаннан кейін бірден азапталғанын немесе қиналғанын айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91