Ресей депутаттары Орталық Азия елдеріне виза енгізуді ұсынды

Саясаткерлердің пікірінше, бұл лаңкестік шабуылдарға қарсы тұруға септігін тигізеді

Нұрдәулет Кәкіш
26/03/2024 - 14:18

Фото: «Осторожно новости» Telegram арнасында жарияланған видеодан скриншот

Фото: «Осторожно новости» Telegram арнасында жарияланған видеодан скриншот

Ресей саясаткері, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасындағы «Справедливая Россия – За правду» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Орталық Азия елдерімен визалық режим орнатуды ұсынды. Бұл туралы депутат өзінің Telegram арнасында «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан үш күн өткен соң жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Мироновтың пікірінше, визаны жою ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясы мен елдің оңтүстігіндегі көршілерінің шынайы өзара тиімді ынтымақтастығына қызмет етеді.

«Біздің «Справедливая Россия – За правду» фракциясы көші-қон процестерін бақылауды күшейту бойынша барлық шараларды ұсынады, бірақ оны Орталық Азия елдерімен визалық режимді енгізуден бастауымыз керек. Онсыз шекарада көші-қонды реттеу және террористік актілерге қарсы тұру үшін қазір өте маңызды тәртіп болмайды», - деп жазды Миронов.

Депутат Ресейдің ашық шекараларын Ресей Федерациясына қарсы жаулар көршілес мемлекеттерді диверсияны дайындау үшін плацдарм ретінде пайдаланады деп санайды.

«Әрине, бұл біздің көршілерімізге қауіп төндіреді, олардың аумағында террористер мен түрлі экстремистік элементтер жиналады. Сондықтан визаны жою – бұл бүкіл еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қадам», - деп қорытындылады Миронов.

Көші-қон саясатын қатаңдату туралы Мироновтан басқа да саясаткерлер сөз етті. Мәселен, Mash мәліметтері бойынша, Мемлекеттік Думада жабық режимде кеңес өтеді. Онда түрлі қауіп-қатерден сақтану және қорғану шараларын қатаңдату және жекеменшік күзет ұйымдары қызметкерлерін қайта даярлау және оларды террористердің шабуылына қарсы іс-қимылдың негізгі дағдыларына үйрету, сондай-ақ Ресейдің көші-қон саясатының өзгеруі талқыланады.

Басылымның хабарлауынша, Мемлекеттік Думада барлық шетелдік мамандардың деректерін тексеру және Ресей Федерациясының аумағында болу мерзімі өткен адамдарды жедел депортациялау туралы қарастырылып жатыр. Сондай-ақ күн тәртібінде соңғы бес жылда ресейлік төлқұжат берілгендердің барлығын қайта тексеру жүргізілмек.

Депутат Дмитрий Гусевтің айтуынша, Мемлекеттік Думаның жоспарында азаматтығын алғаннан кейін бес жыл ішінде келушілерге кез келген қаруды сатып алуға тыйым салу туралы заң жобасын талқылау көзделіп отыр.

Шетелдіктер үшін визасыз режимді қатаңдату туралы «Кровавая барыня» Telegram арнасы да хабарлады. Арнаның мәліметінше, заң жобасы көктемгі сессияда Мемлекеттік Думаның қарауына енгізіледі.

Мемлекеттік Думаның «Единая Россия» фракциясының депутаты Александр Спиридиновтың айтуынша, заң жобасына енгізілген жаңалық еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясына барған шетелдік азаматтардың маусымдық көші-қонын болдырмауға да, шетелдіктердің Ресей Федерациясында болуын бақылаудың тиімділігін арттыруға да мүмкіндік береді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85