Түркияның 4 компаниясы әлемдік қорғаныс өнеркәсібінің үздік жүздігіне енді

«Defense News» журналы әлемнің ең беделді 100 қорғаныс өнеркәсібінің тізімін жариялады

Нұрдәулет Кәкіш
08/08/2023 - 22:14

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттарында шығатын «Defense News» журналы жариялаған әлемнің ең беделді 100 қорғаныс өнеркәсібінің тізіміне Түркияның 4 компаниясы енді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған журналда жарияланған қорғаныс өнеркәсібі саудасына негізделіп жасалған 2023 жылдың «Defense News Top 100» тізімінің 47-орнына ASELSAN түрік компаниясы жайғасқан. Былтыр бұл компания осы тізімнің 49-орнында болған. Биылғы тізімде ASELSAN түрік қорғаныс өнеркәсібінің көшін бастап тұр.

Сонымен қатар былтырғы тізімде 67-орында болған TUSAŞ компаниясы биыл 58-орынға, ROKETSAN компаниясы (2022 жылы 86-орында болған) 80-орынға көтерілген.

Тізімге биыл бірінші рет енген кеме жасаумен айналысатын ASFAT әскери зауыты тізімнің үздік жүздігін түйіндеп тұр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4