Ресей Еуропа әскері Украинаға кірсе қандай салдар болатынын ескертті

Песков: шетелдік әскерлерді Украинаға жіберу орны толмас зардаптарға қауіп төндіреді

Админ
21/03/2024 - 21:28

Angelika Warmuth / Reuters

Angelika Warmuth / Reuters

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Еуропалық әскери миссияның Украина-Беларусь шекарасына жіберілуі туралы нақты ақпарат алу қажет, деп хабарлайды РБК сайты.

Әзірге, менің түсінуімше, бұл туралы нақты ештеңе жоқ. Қалай болғанда да, біз бірнеше рет ескерттік. Украинаға шетелдік әскерді жіберу өте жағымсыз, тіпті, түзетуге келмейтін салдарға әкелуі мүмкін, – деді Песков.

Айта кетейік, кеше Украинаның солтүстігіне осындай контингентті енгізу мүмкіндігі туралы Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренко хабарлаған болатын.

Өткен аптаның соңында Франция президенті Эммануэль Макрон Францияға бір күні Ресейге қарсы әскери операция жасау қажет болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл да мүмкін, бір кезде, алайда мен мұндайды қаламаймын, бастама көтермеймін. Ресейлік күштерге қарсы тұру үшін қандай да бір операциялар қажет болуы мүмкін, Францияның мұндайға күш-жігері әбден жетеді, – деген еді Макрон.

Осыдан кейін Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин Франция әскери контингентін Украинаға жіберуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Франция билігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17