Ресейдегі сайлауға байланысты Молдова РФ дипломатын елден шығарды

2024 жылғы Ресей президенті сайлауында Молдова Ресей елшілігінен тыс жерде дауыс беруге тыйым салды

Нұрдәулет Кәкіш
19/03/2024 - 21:14

Фото: livejournal

Фото: livejournal

Ресей Федерациясының Молдовадағы елшісі Олег Васнецов Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған Приднестровьеде «Молдова билігінің ұстанымына қайшы» сайлау учаскелерінің ашылуына байланысты наразылық нотасын табыс етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Молдовадағы Ресей елшілігінің қызметкерлерінің бірі енді елден кетуге мәжбүр болады. СІМ-ге шақырылған Ресейдің Кишиневтегі елшісі Олег Васнецовқа тиісті нота табысталды», - деп хабарлады Молдова СІМ баспасөз қызметі Telegram-да.

Бұл қадам Молдова Республикасының Приднестровье аймағында Молдова билігінің ұстанымына қарсы Ресей Федерациясының президентін сайлауды ұйымдастыруға байланысты наразылықтан туындағаны көрсетілген.

«2024 жылы Молдова Ресей елшілігінен тыс жерде Ресей президенті сайлауын өткізуге тыйым салды. Сондықтан Кишиневте тек бір сайлау учаскесі жұмыс істеді», деп еске алады ТАСС агенттігі.

Алайда бұл шектеулерге қарамастан, 2024 жылғы Ресей президентін сайлауда 250 мыңнан астам ресейлік тұратын Приднестровье аумағында Ресей Федерациясының тағы алты учаскесі ашылған.

ТАСС мәліметінше, 2021 жылы Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында әртүрлі деңгейдегі сайлау, соның ішінде Мемлекеттік Думаның депутаттарын сайлау болған кезде Молдова аумағында, соның ішінде Приднестровьеде 30 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85