АҚШ: Украинаға әскер жіберу – әр мемлекеттің тәуелсіз шешімі

Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестіруші Джон Кирби АҚШ Украинаға әскер жібермейтінін растады

Админ
17/03/2024 - 16:42

Andrew Harnik/AP

Andrew Harnik/AP

АҚШ НАТО-ның басқа елдерінің өз әскерін Украина аумағына жіберу туралы ұсыныстарына қарсы емес, дегенмен әр мемлекет бұл туралы өз бетінше шешім қабылдауы керек, дейді стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестіруші Джон Кирби Ақ үйде өткен брифингте.

Джо Байден әкімшілігі басқа елдердің өз әскерін Украинаға жіберу не жібермеу шешіміне араласпайды.

Ақ үйдің өкілі АҚШ басқа елдердің Украина аумағына әскери күштерін жіберу туралы шешіміне қарсы болмайтынын жәнен бұл әр мемлекеттің тәуелсіз шешімі екенін атап өтті.

Мен басқа егемен елдердің шешімдеріне жауап бере алмаймын. Мен тек егемен еліміздің және оның Бас қолбасшысының шешіміне жауап бере аламын, ол Украина аумағында америкалық әскер болмайтынын анық айтты, – деді Кирби.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей агрессиясына қарсы тұру үшін Украинаға болашақта Батыс одақтастарының әскери қызметшілері жіберілуі мүмкін деген пікір білдіріп, бұл мәселе бойынша әлі консенсус жоқ екенін ескертті. Бұл идеяны Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк қолдады.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Альянс әлі Украинаға әскер жіберуді жоспарламағанын айтты. Мұндай жоспарлардың жоқтығын Польша мен Германия да мәлімдеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85