Италия СІМ басшысы Антонио Таяни НАТО әскерлері Украинаға кірмеуі керек деп мәлімдеді
Италияның Вице-премьері және Сыртқы істер министрі Антонио Таяни НАТО әскері Украинаға кірмеуі керек деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
Менің ойымша, НАТО Украинаға кірмеуі керек. Бұл болмайды да деп үміттенемін. Ол жерге кіріп, Ресеймен соғыс бастау үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін білдіреді. Біз Украинаның халықаралық құқығы мен бостандығын қорғаймыз, бірақ біз Ресеймен соғыс жағдайында емеспіз. Біз Киевке әскери, экономикалық және техникалық құралдардың барлық түрлерін ұсынамыз, бірақ соғысқа кіру маған қателік болып көрінеді және барлық италиялықтар мұны қаламайды, – деді саясаткер.
Италия әскерлерін Украинаға енгізу туралы мәселе туындамайтынын растай отырып, СІМ басшысы Италия армиясы Қызыл теңізде, Ливанда, Иракта және Африкада сауда кемелерін қорғау бойынша жақсы жұмыс атқарғанын және бейбітшіліктің тасымалдаушысы екенін атап өтті.