БҰҰ Ресей әскерилерінің қылмыстары туралы баяндама әзірледі

«Ресей күштері украиналық тұтқындарды азаптап, зорлық көрсетеді» делінген БҰҰ баяндамасында

Нұрдәулет Кәкіш
15/03/2024 - 21:50

Фото: РИА новости

Фото: РИА новости

Келесі аптада БҰҰ сарапшылары Ресей әскери күштері тарапынан Украинадағы адам құқықтарының ауқымды бұзылуы туралы кезекті баяндаманы ұсынады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Женевадағы Би-би-си тілшісі Имоген Фокстың хабарлауынша, құжатта украин әскери тұтқындарын азаптау, сондай-ақ елдің бейбіт тұрғындарына (әсіресе Мариупольде) оқ атып, бомбалау туралы егжей-тегжейлі баяндалған.

Баяндаманың дәлелі жүздеген куәгерден алынған. Яғни БҰҰ тергеушілері украиналық әскери тұтқындар мен Украинаға жасаған ондаған сапар барысында ресейлік сарбаздарға сауалнама жүргізген.

Құжат авторлары тұтқындарға қатысты жүйелі азаптау кең таралған деген қорытындыға келеді. Оларды үнемі ұрып-соғып, электр тоғымен азаптап, тіпті жарақаттайтыны жазылған.

Бұрынғы тұтқындардың бірі тергеушілерге бір сәтте ауырсынудың төзгісіз болғаны соншалық, ол азаптаушыларынан өлтіруін өтініп сұрай бастағанын айтқан.

Ресейлік дезертирлер, өз кезегінде, аға офицерлер өздерінің қарамағындағыларға «қатал жұмыс істеуге, аяушылық танытпауға» бұйрық беретіндігін растады.

Баяндамада бейбіт тұрғындарды, ауруханалар мен мәдени нысандарды бей-берекет бомбалау, сондай-ақ Ресей басып алған қалаларда бейбіт украиндықтарды азаптау, зорлау және өлтіру, украин балаларын Ресейге заңсыз әкету туралы егжей-тегжейлі баяндалған. Кінәлілер жауапқа тартылуы керек басқа да әскери және адамзатқа қарсы қылмыстардың дәлелдері келтірілген.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85