Ресей Федерациясы Грант Шеппстың ұшағындағы GPS сигналын өшіріп тастады

GPS сигналы британдық Қорғаныс министрінің бортында шамамен 30 минут болмаған

Нұрдәулет Кәкіш
15/03/2024 - 19:53

aa.com.tr

aa.com.tr

Ресей Британия Қорғаныс министрі Грант Шеппс бортында отырған Ұлыбританияның Корольдік Әуе күштерінің ұшағындағы спутниктік сигналды өшірген болуы мүмкін. Бұл туралы The Times газеті, кейінірек The Guardian басылымы үкіметтік дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс департаментіндегі The Guardian газетіне пікір білдіргендер бұл жайт Польшадан Ұлыбританияға оралған Шеппстің өміріне еш қауіп төндірмегенін атап өтті. Бірақ олар бұл оқиғаны электронды күрестің «жабайы жауапсыз» әрекеті деп атады. Ұшақ Калининград облысына жақын Балтық теңізінің үстінен ұшып бара жатқанда GPS сигналы шамамен 30 минут бойы тартпаған.

«Осы уақыт ішінде ұшақ экипажы орналасқан жерін анықтау үшін балама әдістерді қолдануға мәжбүр болды», - деп жазды Тhe Тimes.

Грант Шеппс Польшада НАТО-ның жаттығуларын бақылаған. Британия Қорғаныс министрі Ресей президенті Владимир Путинді жауапсыз әрекет жасады деп айыптады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85