Генерал Шарль де Голльдің ұлы 102 жасында Парижде қайтыс болды

Ол бүкіл ғұмырын әскери және саяси салаға арнады

Нұрдәулет Кәкіш
13/03/2024 - 18:28

Фото: media.az

Фото: media.az

Генерал Шарль де Голльдің ұлы, Францияның бұрынғы сенаторы Филипп де Голль Парижде қайтыс болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Le Figaro газетіне сілтеме жасап.

«Ол сәрсенбіге қараған түні мүгедектер үйінде қайтыс болды. Онда ол соңғы екі жылын өткізді», - деп келтірді газет бұрынғы сенатордың ұлы Ив де Голльдің сөздерін.

Филипп де Голль 102 жаста еді. Ол 1921 жылы Парижде дүниеге келген. Шарль де Голльдің тұңғыш ұлы. 

ФОТО: GLOBAL LOOK PRESS

Филипп де Голь бүкіл ғұмырын әскери және саяси салаға арнады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85