НАТО-ға қосылған Швеция мен Финляндия Ресеймен шекаралас аумақтағы ауқымды жаттығуларға қатысып жатыр

Ауқымды оқу-жаттығуларға 90 мың әскери қызметші қатысуда

Нұрдәулет Кәкіш
12/03/2024 - 16:38

Фото: ВВС

Фото: ВВС

Бір кездері НАТО жаттығу кезінде Ресейді әлеуетті қарсылас ретінде атамауға барынша тырысты. Өйткені арандатушылықтан сескенді. Алайда Ресейдің Украинаға басып кіруі жағдайды 100 пайыз өзгертті. Енді Альянстың жаттығулары тікелей Мәскеуге қарсы бағытталып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

НАТО-ның «Тұрақты қорғаушы – 2024» маневрлерінің негізгі мақсаттарының бірі – бірнеше ай бойы Шығыс Еуропаның шекарасында Ресейді бақылауда ұстау.

Бұл – қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бергі ең ауқымды оқу-жаттығулар. Бұған 90 мың әскери қызметші қатысуда.

«Тұрақты қорғаушы – 2024» – бұл шабуыл жасалуы мүмкін кез келген одақтастың әлеуетін арттыру үшін НАТО-ның әскерлер мен қару-жарақтарды жылдам әрі ауқымды тасымалдау жөніндегі жаңа әскери жоспарларының алғашқы сынағы. Бұл НАТО-ның біртұтастығын сақтаудағы басты мақсатын растайды. Альянстың бір мүшесіне шабуыл жасалса, барлығының реакциясын оятады деген сөз.

Дональд Трамп бұған күмән келтіреді. Дегенмен АҚШ бұл принциптің негізгі тірегі болып қала береді. Вашингтон мұны дәлелдеу үшін үлкен ресурстар бөледі.

Жаттығудың бірінші кезеңі Финнмарктың ақ шөлінде, Норвегияның солтүстік аймағында ұзындығы 180 шақырым болатын Норвегия-Ресей шекарасына жақын жерде өтеді. Алайда оқу-жаттығудың сценарийі бойынша, ойдан шығарылған қарсылас Оккасус Финнмаркке басып кіреді.

Медицина факультетінің 21 жастағы студенті, біраз уақыт әскери қызметкер болған Эйвордың айтуынша, оның атасы мен әжесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер басып кірген кезде Финнмарктан қашуға мәжбүр болған.

Фото: ВВС / 21 жастағы Эйвор аумақтық қорғаныс күштері құрамындағы әскери жаттығуларға қатысып жүр

«Бірақ мен осында қалып, күресемін», - деді Эйвор.

Ол Ресейдің шабуылын күтпейді, бірақ көпшілікті әрдайым сақ жүруге шақырады.

Бұл – Швеция мен Финляндия одаққа кіргеннен кейін толық мүшелік құқығына қатысатын НАТО-ның алғашқы ірі оқу-жаттығуы.

Екі елдің әскери қызметшілері қазір әлемдегі ең үлкен әскери блоктың бір бөлігі болғанына дән риза.

Фьордтың жағалау сызығын қорғауға дайындалып жатқан фин теңіз жаяу әскерлерінің бірі оның еліне «Ресейге жалғыз қарсы тұру» қисынсыз болғанын, ал екіншісі:

«НАТО Ресейді қорқытатын сияқты», - деп қосты.

Олардың әріптесі Швед теңіз жаяу әскері өз елі НАТО-ға кіргеннен кейін өзін «толық қауіпсіз» сезінетінін жеткізді.

Фото: ВВС / Жаттығу барысында норвегиялық фьордтардағы әскери қайықтардың әрекеттері пысықталуда

Бұл көзқарасты екі елдің саясаты да бөліседі.

Швеция, Финляндия және Норвегияның Қорғаныс министрлері өздерінің жаңа скандинавиялық одағын атап өтті, жаттығулар барысында әскерлер ойдан шығарылған жауды қуып шығару үшін Финляндиядан Норвегияға шекарадан символдық өтуді бақылап отырды.

Анти Кайкконен, Бьорн Арилд Грам және Пол Юнсон зымыран тасығыштың фонында суретке түсті.

Фото: ВВС 

Швецияның Қорғаныс министрі Пол Джонсон Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі Мәскеу үшін «күтпеген салдардың ішіндегі ең маңыздысы» деп атады.

Оның айтуынша, Ресей бұрын екі елдің Альянсқа кіруіне жол бермеуге тырысқанмен, одан ештеңе шықпады.

Алайда іс жүзінде Финляндияның Альянсқа кіруі НАТО-ны Ресейге едәуір жақындатты. Өйткені Ресей-Финляндия шекарасының ұзындығы шамамен 1200 шақырымды құрайды. Енді одақтастар бұл елдерді қорғауға дайын болуы керек.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85