«Оскар – 2024»: «Мариупольдегі 20 күн» ең үздік деректі фильм атанды

Бұл – украиналық фильмнің авторларына берілген тарихтағы алғашқы «Оскар»

Нұрдәулет Кәкіш
11/03/2024 - 20:58

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Лос-Анджелесте өткен американдық киноакадемияның 96-жүлдесін тапсыру рәсімінде украиналық режиссер Мстислав Черновтың «Мариупольдегі 20 күн» лентасы үздік толықметражды деректі фильм атанып, «Оскар» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

«Маған салса, бұл фильмді ешқашан түсірмес едім», - деді Чернов рәсім кезінде. «Мен бұл «Оскарды» Ресейдің ешқашан Украинаға басып кірмей, біздің қалаларымызға ешқашан шабуыл жасамауы үшін ауыстыра салар едім. Бірақ біз бірге шындықтың жеңісіне куә боламыз. Украина жасасын!».

Бұл – украиналық фильмнің авторларына берілген тарихтағы алғашқы «Оскар».

Бұған дейін 2022 жылы Ресей әскерлерінің Мариупольді қоршауы туралы баяндайтын фильм Британдық BAFTA киносыйлығын да жеңіп алған болатын.

Associated Press агенттігінің журналисі ретінде Мстислав Чернов фотограф Евгений Малолетка және продюсер Василиса Степаненкомен бірге Мариупольге 2022 жылдың 23 ақпанында, Ресейдің шабуылынан бір күн бұрын барған.

Олардың осы жұмысының арқасында әлем Мариупольде 2022 жылдың көктемінде Ресей әскерлері қаланы қоршауға алып, оны күн сайын қиратқанын көрді.

Сыйлықты алғаннан кейін Чернов журналистерге оның фильмі «қираған қалаларды бейнелейтінін» айтты.

«Бұл әлемге осы шабуылды қалай тоқтату керектігін еске салады», - деді Чернов. «Мен Осында тұрмын, бірақ менің жүрегім Украинада. Адамдар өмірінен, үйлерінен айырылып, жерлері үшін күресіп жатыр. Бұл жеңіс көп адамға не болып жатқанын көрсетіп, әлем бізді байқайды деп үміттенемін».

Өткен жылы "Оскар" үздік деректі фильмі үшін ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың улануы туралы "Навальный" лентасын алды. Содан кейін Юлия Навалья мүсіншені алды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91