Ердоған Зеленскиймен кездесіп, Ресей-Украина саммитін өткізуді ұсынды

Украина президенті сапармен Туркияға барды

Админ
09/03/2024 - 14:41

EPA

EPA

Стамбулдағы Украина мен Түркия президенттерінің кездесуінен кейін Режеп Тайып Ердоған Владимир Зеленскийдің қасында отырып, Анкара соғысты аяқтау үшін Ресей-Украина саммитін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС сайты.

Біз Ресейді шақыра отырып бейбіт саммит қабылдауға дайынбыз, – деп атап өтті Ердоған.

Зеленский, өз кезегінде, ресейлік өкілді бейбітшіліктің жол картасын Украина мен оның одақтастары Швейцариядағы кездесуде талқылап-келіскеннен кейін ғана шақыруға болатынын айтты.

Ердоғанның айтуынша, Түркия өзінің стратегиялық серіктесі – Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігін және тәуелсіздігін қолдайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91