Филиппин хуситтердің шабуылынан екі азаматы қайтыс болғанын растады

Жараланған төрт адамның арасында тағы екі филиппиндік теңізші бар

Нұрдәулет Кәкіш
07/03/2024 - 21:58

Фото: bloomberg

Фото: bloomberg

Филиппин Үкіметі Хуситтердің Аден шығанағындағы True Confidence кемесіне зымыран шабуылынан қаза тапқан үш адамның арасында екеуі Филиппиндік екенін растады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

EFE агенттігінің мәліметінше, жараланған төрт адамның арасында тағы екі филиппиндік теңізші бар.

Президент кіші Фердинанд Маркос департаментті зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барынша қолдау көрсетуге шақырды.

Батыс БАҚ-тарының хабарлауынша, True Confidence иелері мен кеме менеджері хуситтердің шабуылы кезінде үш экипаждың қаза тапқанын растады.

6 наурызда хуситтер осы күннің басында Аден шығанағындағы Тrue Confidence жүк көлігіне зымыран соққанын растады. Marinetraffic веб-сайтының хабарлауынша, True Confidence Барбадос туының астында жүрген.

Хуситтердің өкілі бригадир Яхья Сари кеменің командасы олардың ескертулерін елемей, қозғалыс бағытын өзгертпегеннен кейін бүлікшілер шабуыл жасағанын атап өтті.

Йемен жағалауындағы хуситтердің шабуылынан теңізшілер бірінші рет қаза тапты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85