Украинада Зеленский мен Грекия премьерінен 500 метр қашықтықта зымыран жарылды

«Бес адам қаза тауып, одан да көп адам жарақат алды»

Нұрдәулет Кәкіш
07/03/2024 - 19:57

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Сәрсенбі күні ресейлік зымыран Украина президенті Владимир Зеленский мен Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакисадан небәрі 500 метр қашықтықта жарылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Телеарнаға сұхбат берушінің сөзінше, кортежде екі көшбасшы соққы болғанын сезіп, аспанға көтерілген саңырауқұлақ тәріздес қою түтінді өз көздерімен көрген.

«Бес адам қаза тауып, одан да көп адам жарақат алды», - деп мәлімдеді Украина Әскери-теңіз күштерінің өкілі Дмитрий Плетенчук CNN-ге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Зеленский мен Мицотакис зардап шеккен жоқ.

Зеленский бір күн бұрын Мицотакиспен өткен брифингте құрбандар туралы сөз етті. Бірақ құрбандардың саны туралы басқа ресми мәлімдемелер болған жоқ.

«Зеленский майдан шебіне қауіпті сапарларды жиі жасайды», - деп хабарлады CNN.

Журналистердің пікірінше, Украина президенті жарылысты көріп, еститіндей жақын болды.

«Көліктерге отырғаннан кейін көп ұзамай біз үлкен жарылысты естідік», - деді Мицотакис.

«Бірінші кезекте біз өзімізді қорғауымыз керек. Мұны істеудің ең жақсы жолы – әуе қорғанысы жүйесін пайдалану», - деді Зеленский.

Одессаға жасалған соққы туралы түсініктеме берген АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер журналистерге:

«Менің ойымша, бұл Ресейдің Украинаға күн сайын қалай соққы беретінін тағы бір көрсетті. Украинаның әуе қорғанысына деген қажеттілікті, АҚШ Конгресі Украинаны Ресей агрессиясына қарсы күресте қолдауға шақырғанымыздай шаралар қабылдауы керек екенін еске салып тұр», - деді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85