«Ресей Украинада тағы екі жыл соғыс жүргізуге дайын»: Литва барлауы баяндама жасады

Литва барлауының мәліметінше, мұнайдың жоғары бағасы, санкцияларды айналып өту және мемлекеттік инвестициялар соған мүмкіндік береді

Нұрдәулет Кәкіш
07/03/2024 - 18:21

Фото: depositphotos/JaneUK

Фото: depositphotos/JaneUK

Мұнайдың жоғары бағасы, санкцияларды айналып өту және мемлекеттік инвестициялар. Ресей Украинада кем дегенде тағы екі жыл бойы қазіргі қарқынмен соғыс жүргізуге қоры жеткілікті. Бұл туралы Литваның барлау агенттіктерінің баяндамасында мәлім болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Литва әскери барлауының бағалауы бойынша, Ресей 2023 жылы өзінің соғысқан армиясын реформалай алды. Енді НАТО шекарасы бойында, соның ішінде өткен жылы Альянсқа қосылған Финляндия маңында әскери әлеуетін кеңейтпек. Бұл Литваға төнетін қауіп туралы жыл сайынғы бағалауда айтылады.

«Мәскеу әскери қимылдан алған сабақтарын дұрыс бағалап, жауынгерлік тиімділігін арттыра алады», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85