АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ірі әскери жаттығуы басталды

Жаттығу КХДР ядролық операцияларына қарсы тұруға бағытталған

Нұрдәулет Кәкіш
04/03/2024 - 14:13

Фото: citynews

Фото: citynews

Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары дүйсенбіде «Бостандық қалқаны» бірлескен әскери жаттығуын бастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Сitynews агенттігіне сілтеме жасап.

«11 күндік жыл сайынғы «Бостандық қалқаны» жаттығулары Пхеньянның қару-жарақпен, соның ішінде батыс теңіз шекарасына жақын артиллериялық атыстармен және бірқатар зымыран ұшыруымен байланысты шиеленістің күшеюі аясында басталды», - делінген хабарламада.

Бұл жаттығудың бірлескен қорғаныс позициясын жақсартуға бағытталғанын айтқан Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери күштері құрлықтағы, теңіздегі, әуе, кибернетикалық және ғарыштық құралдарды пайдалану операцияларына және КХДР ядролық операцияларына қарсы тұруға да бағытталатынын атап өтті.

Жаттығуларға Аустралия, Ұлыбритания, Филиппин және Таиландты қоса алғанда, БҰҰ қолбасшылығына мүше 12 мемлекеттің жеке құрамы қатысады. Жаттығулардың барысын бейтарап елдердің бақылау комиссиясы (NNSC) қадағалайды.

Агенттік бұл жаттығулардың Пхеньян қараша айында шекара бойындағы шиеленісті азайтуға бағытталған 2018 жылғы корейаралық әскери келісімді бұзғаннан кейін алғаш рет, «Ссолтүстіктің әскери арандатушылық ұйымдастыруы мүмкін деген алаңдаушылық туындағаннан» кейін өтіп отырғанын атап өтті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85