Трамп тағы 3 штатта жеңіске жетті

АҚШ-тың экс-президенті Миссури, Айдахо және Мичиган штаттарында ең көп дауыс жинады

Админ
03/03/2024 - 15:29

Jay Paul / Reuters

Jay Paul / Reuters

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Миссури, Мичиган және Айдахо штатында республикалық кокустарда жеңіске жетіп, өзінің бәсекелесі, АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы Тұрақты өкілі Никки Хейлиді жеңді, деп хабарлайды РБК телеарнасы.

Миссуридегі кокуста Трамп 100% дауыс жинады. Мичиганда оған 1575 адам дауыс берсе, Хейлиді 36 сайлаушыны таңдады. 27 ақпанда өткен осы штаттағы праймеризде Трамп 68%, Хейли 27% дауыс алды.

Айдахода 77,5% дауыс санағаннан кейін Трамп республикашылардың 84,6% қолдауына ие болды, сайлаушылардың 13,5% Хейлиге дауыс берді. Бұл штатта дауыстардың жартысынан көбін алған кандидат Республикалық партияның барлық 32 өкілінің қолдауына ие болады. Айдахода Праймериз өткізілмейді.

Осы 3 штатта дауыс бергенге дейін Трамп 122 делегаттың қолдауына ие болған еді.

Айта кетейік, кокус дегеніміз – партияның жақтастары мен мүшелерінің жиналысы. Осылайша праймеризді штат билігі ұйымдастырса, кокустарды партияның аппараты ғана ұйымдастырады. Кокус нәтижесіне байланысты жазда өтетін партия съезінде президенттікке кандидат тағдыры шешіледі. 

Тегтер

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53