Газадағы трагедия: 110 палестиналықты гуманитарлық көмек жеткізген жүк көліктері қағып өлтірді

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады

Нұрдәулет Кәкіш
01/03/2024 - 16:10

Фото: ВВС

Фото: ВВС

Гуманитарлық көмек жеткізген автоколонна Газа секторына кірген кезде 110-нан аса палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмекті күткен топ Газа қаласының батысындағы жағалау жолынан Израиль әскери бақылау бекеті арқылы өтіп бара жатқан жүк көліктерін қоршап алған.

Израиль әскерилері жұк көліктеріне тосқауыл болып, қауіп төндірген кейбір палестиналыққа оқ жаудырған.

Бұл кезде жүк көліктері тоқтамай, алға жүре берген. Оқиғаның куәгері ВВС-ге қаза тапқандардың көпшілігін көліктер қағып кеткенін растады.

Израиль әскерилері жариялаған әуеден түсірілген кадрларда мыңдаған адамның жүк көліктердің айналасына жиналғаны бейнеленген.

ХАМАС бақылауындағы Газаның Денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады.

Ал бұл оқиғаны «трагедия» деп атаған Израиль билігінің өкілі Ави Химан ондағы адамдардың өлімінің себебі гуманитарлық көмектің келуін күткен көп адамнан үрейленіп, оларды қағып өткен көлік жүргізушілерінің де кінәсі бар екенін айтты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85