АҚШ Жоғарғы соты Трамптың иммунитет туралы өтінішін қарайтын болды

CNN: «Бұл шешім белгілі бір себептер бойынша Трамптың жеңісі болып саналады»

Нұрдәулет Кәкіш
29/02/2024 - 16:40

Фото: ВВС

Фото: ВВС

АҚШ Жоғарғы соты экс-президент Дональд Трамптың сайлауға араласу ісі бойынша қудалаудан иммунитет туралы талабын қарауға келісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN телеарнасына сілтеме жасап.

«Сот 22 сәуірде басталған істі бір аптада қарауды тездетуге және дәлелдерді тыңдауға келісті», - деп хабарлады телеарна.

Бұған дейін Трамп Жоғарғы сотқа ақпан айының басында Колумбия округтік сотының айыптауларға қарсы иммунитет туралы мәлімдемелерін үзілді-кесілді қабылдамаған шешімін уақытша тоқтату туралы өтініш берген.

«Бұл шешім белгілі бір себептер бойынша Трамптың жеңісі болып саналады. Енді оған президенттік қол сұқпаушылық берілсе, ол заңдық тұрғыда қиындықтарға тап болған мәселелерді бұзып-жарып өтуі мүмкін», - деп атап өтті CNN.

Жоғарғы сот Трамптан 19 наурызға дейін іс бойынша дәлелдер келтіруді сұрады. Трампқа қарсы істерді тергеуді қадағалайтын арнайы прокурор Джек Смиттің кеңсесі 8 сәуірге дейін өз дәлелдерін ұсынуға шақырылды.

Иммунитет мәселесі 2021 жылдың 6 қаңтарында Трампты қолдаған демонстранттар Капитолийге басып кірген оқиғаларды соттарда қарауға байланысты туындады. Трамп сол кезде әлі президент болғандықтан, адвокаттары оны бұл іс бойынша сотта жауапқа тартуға болмайды деп заң органдарының өкілдерін көндірген.

Трампқа 2020 жылғы сайлау туралы жалған ақпарат таратқаны және 2021 жылғы 6 қаңтардағы Капитолийдегі оқиғаларды сайлауда жеңілгеннен кейін де билікте қалуға тырысқаны үшін айып тағылған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4