Қауіпсіздік туралы келісім аясында Нидерланд Украинаға Ресейден қорғануға және ЕО мен НАТО-ға одан әрі жақындасуға көмектеседі. Ал Дания 2024 жылы Киевке 1,8 миллиард еуро көлемінде қолдау көрсетеді, деп хабарлайды dw.com сайты.
Дания басқа еуропалық мемлекеттерден кейін Украинамен қауіпсіздік туралы екіжақты келісім жасады. Құжатқа Львовта Дания премьер-министрі Метте Фредериксен мен Украина президенті Владимир Зеленский қол қойды.
Қазір украиналық сарбаздар майдан шебіндегі суық траншеяларда соғысуда. Олар өздерінің бостандығы үшін ғана күреспейтіні анық. Олар бүкіл Еуропа үшін күреседі. Олар демократия мен бостандықты қалайтындар үшін күреседі. Сондықтан біз оларға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, - деп жазды Метте Фредериксен.
Келісім аясында Украинаға 2024 жылы 1,8 миллиард еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді.
Нидерланд алдағы 10 жыл ішінде Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттеме алды. Киевпен жасалған келісім Нидерланд Үкіметінің Украинаға қауіпсіздік, қалпына келтіру және сот төрелігі саласында тұрақты қолдау көрсетуге дайын екендігін көрсетті.
Келісім Нидерландтың Украинаға Ресейден қорғануға және ЕО мен НАТО-ға одан әрі интеграция жасауға көмектесетінін білдіреді, - делінген құжатта.
Нидерланд Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слоттың айтуынша, Батыс елдерінің қолдауынсыз Украина біз білетіндей өмір сүруді тоқтатады.
Айта кетейік, бұған дейін Украина Ұлыбританиямен, Франциямен және Германиямен қауіпсіздік туралы келісімдерге қол қойған болатын.