Папуа-Жаңа Гвинеядағы тайпалар арасындағы атыста 64 адам қаза тапты

Қаза тапқандар мен жаралыларды іздестіру жалғасуда, құрбан болғандар саны әлі де артуы мүмкін

Нұрдәулет Кәкіш
19/02/2024 - 15:48

Фото: ABC News

Фото: ABC News

Папуа-Жаңа Гвинеяның Энга провинциясында тайпалар арасында қақтығыс болып, 64 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Australian Broadcasting Corporation-ге сілтеме жасап.

Ақпаратта қаза тапқандар көрші тайпаға шабуыл жасамақ болғаны, бірақ өздері торуылға түсіп қалғаны жазылған. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен жаралыларды іздестіру жалғасуда. Құрбан болғандар саны әлі де артуы мүмкін.

«Жанжалға 17 тайпа қатысқан. Өткен жылы 60 адам қақтығыстардың құрбаны болды» делінген басылымның ақпаратында.

 

 

×

Редакция

$ 518.31  567.96  6.03