Ирактың қарулы топтары Иран өтініші бойынша АҚШ нысандарына шабуылдауды тоқтатты

4 ақпаннан бастап АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы әскеріне бірде-бір шабуыл болмаған

Админ
19/02/2024 - 00:07

Hadi Mizban/AP

Hadi Mizban/AP

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ирактың қарулы топтары "Құдыс" күштері қолбасшысының өтініші бойынша АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасауды тоқтатады.

29 қаңтарда Касем Сүлеймани қайтыс болғаннан кейін қызметке кіріскен Иранның Ислам революциясының қамқоршылар корпусынің (ИРҚК) "Құдыс" күштерінің қолбасшысы Эсмаил Каани Бағдад әуежайында бірнеше қарулы күштердің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ол топтарға "енді америкалықтардың қаны төгілсе, АҚШ тарапынан ауыр жауап болады" деп мәлімдеген. Ол сондай-ақ "қазіргі кезде барлық әрекетті тоқтату керек, әйтпесе АҚШ әскері Ирактағы қарулы топтардың командирлеріне соққы жасап, негізгі инфрақұрылымды бұзып немесе тіпті Иранның өзінен тікелей кек алады" деп айтқан.

Бастапқыда бір топ Каанидің ұсынысымен келіспесе де, оны басқа көпшілік қабылдады. Келесі күні ираншыл "Катаиб Хезболла" ұйымы АҚШ әскерін бұдан былай шабуылдамайтынын жариялады.

Каани тікелей араласпай, "Катаиб Хезболла" командирлерін шиеленісті бәсеңдету үшін әскери операцияларын тоқтатуға сендіру мүмкін болмас еді, – деді ираншыл топтардың бір командирі.

Материалда 4 ақпаннан бастап АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы әскеріне бірде-бір шабуыл болмағаны айтылады. Алайда 5 ақпанда әл-Омар базасына камикадзе дроны шабуыл жасады, содан кейін 8, 9, 12, 13 және 15 ақпан күндері реактивті снарядтар атылды. "Бұл шабуылдардың артында ресми топ шартына қосылғандар тұр ма, әлде басқалар ма?" деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85