Молдова АҚШ-тан әскери көмек алды

Әскери техника Кишиневке әуе көлігімен жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
03/08/2023 - 15:53

Фото: Moldpres

Фото: Moldpres

АҚШ әскери техникаларының бір партиясын Молдова армиясына тапсырды. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Кишиневтегі аккредиттелген дипломатиялық миссиясы да, Молдова Қорғаныс министрлігі де растады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Moldpres басылымына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, АҚШ әскери техниканы «Ұлттық армияны модернизациялау және Молдованың қорғаныс қабілетін арттыру аясында» сыйға тартты.

Кишиневтегі АҚШ елшілігі мәлімдемесінде, соңғы 31 жылда АҚШ үкіметі АҚШ-тың еуропалық қолбасшылығы арқылы «ұлттық армияның» әскери қызметшілеріне әскери көмекке және оқытуға 123 миллион доллардан астам қаражат бөлді. Қазіргі Молдова Үкіметі мен бұрынғы билік басындағылардың өтініші бойынша 36 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек көрсетілген деп атап өтті.

«Молдова Республикасына Қорғаныс құралдарын жоспарлы түрде жеткізу туралы келісім 2019 жылы жасалды. Бұл Америка Құрама Штаттарының Молдова билігімен барлық азаматтар үшін гүлденген, демократиялық әрі қауіпсіз болашақ үшін ынтымақтастығының бір түрі ғана», - делінген Кишиневтегі АҚШ Елшілігінің хабарламасында.

Әскери техника Кишиневке әуе көлігімен жеткізілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4