Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сарияның мәліметінше, соққы дәл болды
Йемендегі "Ансар Алла" хусит қозғалысы Қызыл теңіздегі Ұлыбританияның Pollux мұнай танкеріне зымыран шабуылын жасады. Бұл туралы Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сария мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Йемен әскери-теңіз күштері Қызыл теңізде ұлыбританиялық Pollux мұнай танкеріне қарсы операция жасап, оған бірнеше кемеге қарсы зымыранмен шабуыл жасады. Соққы дәл болды, - деді Сария хуситтерге тиесілі Al Masirah телеарнасының эфирінде.
Marine Traffic кемелерді бақылау қызметінің ақпаратынша, Pollux танкері Панама туының астында Суэц каналының оңтүстігінен Үндістанның Парадип портына жүреді. Кеме өзінің орналасқан жері туралы деректерді соңғы рет 12 ақпанда Қызыл теңіздің солтүстігінен жеткізген.
Айта кетейік, Газа секторындағы қақтығыс күшейгеннен кейін "Ансар Алла" қозғалысы Израиль аумағына соққы жасайтынын ескертті. Сондай-ақ Палестина анклавындағы операция тоқтағанға дейін Қызыл теңіз мен Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтетін кемелердің өтуіне жол бермейді.
Былтырғы қарашадан бастап хуситтер Қызыл теңізде және Аден шығанағында ондаған азаматтық кемелерге шабуыл жасады.