Путиннің басты қарсыласы болған Надеждинді қандай жаза күтіп тұр

Саясаткер өзінің сайлау қорына заңсыз алынған 1,1 миллион рубльді уақытында қайтарған жоқ

Нұрдәулет Кәкіш
16/02/2024 - 23:53

Фото: Бизнес Online/ТАСС

Фото: Бизнес Online/ТАСС

Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы басшысының орынбасары Николай Булаев президенттікке «Гражданская инициатива» партиясының атынан ұсынылған Борис Надеждин өзінің сайлау қорына заңсыз алынған 1,1 миллион рубльді уақытында қайтармағанын, осыған байланысты оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.  

«Заңсыз алынған ақшаны қайтару бойынша қарызы – 1 125 786 рубль. 10 күн ішінде бұл ақша оны аударғандарға кері қайтарылмады. Сондықтан менің түсінуімше, бізде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама немесе Борис Борисовичке (Надеждин - ред) немесе қаржы уәкіліне хаттама жасау қажет болады», - деді Булаев жұма күні комиссия отырысында.

Булаев 8 ақпанда сағат 12:49-да Ресей президенті лауазымына үміткер Надеждинді тіркеу туралы мәселені қарау барысында оның сайлау шотында 1 345 771 рубль қалғанын атап өтті. Сағат 13:34-те пікірталас соңында шотта 5 мың рубль қалған.

«Қалған соманың бәрі менің түсінгенімдей, қолма-қол ақшамен шешіп алынды», - деп қосты ол.

8 ақпан күні Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы жиналған қолды тексеру қорытындысы бойынша Надеждинді алдағы наурыз айында өтетін президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02