Зап ауданында содырларға соққы жасалды
Түрік армиясы Ирактың солтүстігінде PKK террористік ұйымының үш содырын бейтараптандырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Ирактың «Pençe-Kilit» терроризмге қарсы операция аймағына кіретін Зап ауданында содырларға соққы жасалды.
«Анадолы» ақпарат агенттігінің жазбасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған РКК содырлары Түркияда алғаш рет лаңкестік әрекет жасаған 1984 жылдан 2020 жылдың наурызына дейін осы қанды ұйымның қолынан түрік қауіпсіздік күштерінің 7500 қызметкері мен 6800 бейбіт тұрғын қаза тапқаннын айтты.
Анкараның осы жағдайды шешу жолдарын табуға тырысқанына қарамастан, PKK террористік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарын қайта бастады.
АҚШ пен Еуропалық Одақ PKK-ны террористік ұйымдардың тізіміне енгізді. Соңғы жылдары РКК аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына аударуға тырысты. Сирияда PKK террористері PYD және YPG атауларымен жабылып, соңғы екі жылда өздерін «Сириялық демократиялық күштер» деп атады. Иранда PKK «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.