Нигер еліндегі төңкеріс: көрші мемлекеттермен шекара ашылды

Бұл елдің шекарасы 27 шілдеден бастап жабылған болатын

Нұрдәулет Кәкіш
02/08/2023 - 22:23

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Нигердің бес көрші елмен құрлық және әуе шекаралары қайта ашылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі France 24 арнасына сілтеме жасап.

«Алжир, Буркина-Фасо, Ливия, Мали және Чадпен құрлық және әуе шекаралары бүгіннен бастап қайта ашылды», - делінген Нигер ұлттық телеарнасы таратқан ақпаратта.

France 24 телеарнасы бұл мәлімдеме француздардың алғашқы эвакуациялық рейсі ұшқаннан бірнеше сағат өткен соң жасалғанын атап өтті.

Сейсенбіде Францияның Бас штабында олар Нигерден 1,5 мың француз әскерін қайтару жоспарда жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Эвакуация операциясы тек бейбіт тұрғындарға қатысты екендігі айтылды.

Париж отандастары мен басқа да Еуропа елдерінің азаматтарын шығару үшін Нигер астанасы Ниамейге үш ұшақ жіберген.

Естеріңізге салсақ, Нигердің шекарасы 27 шілдеден бастап жабылған.

26 шілдеде елдің президенттік гвардиясы қызметкерлерінің бір бөлігі мемлекет басшысы Мұхамед Базумға қарсы шығып, оны биліктен құлатқаны белгілі болды. Нигер армиясының қолбасшылығы президентті тақтан тайдыруға көмектескен жауынгерлерге қолдау білдірді.

Армия генералы Абдурахман Тчиани елдің жаңа көшбасшысы деп жарияланды.

Алайда Франция бұл әскери төңкерісті қатаң айыптады.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91