Дания Қорғаныс министрі Ресей мен НАТО арасында қақтығыс болатынын айтты

Данияның Қорғаныс министрінің айтуынша, Ресей мен НАТО арасындағы қақтығыс 3-5 жыл ішінде болуы мүмкін

Админ
10/02/2024 - 19:14

Tom Little / Reuters

Tom Little / Reuters

Бұған дейін Эстония премьер-министрі де дәл осындай болжам келтірген. Ал Путиннің айтуынша, Батыс елдері мұндай мәлімдемелермен өз халқын қорқытуға тырысып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей мен НАТО арасындағы қақтығыс 3-5 жыл ішінде болуы мүмкін, деп болжады Данияның Қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен.

Алдымыздағы 3-5 жыл ішінде Ресей НАТО-ның бесінші бабы мен ынтымақтастығын тексеруі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Бұл НАТО-ның 2023 жылғы бағасы емес еді. Бұл қазір алдыңғы қатарға шығатын жаңа білім, - деді ол.

Айта кетейік, Солтүстік Атлантикалық келісімнің 5-бабында бір немесе бірнеше мүше елдерге шабуыл жасау "Еуропада немесе Солтүстік Америкада оларға жалпы шабуыл ретінде қарастырылады" делінген.

Поульсеннің айтуынша, Ресей өзінің әскери өндіріс әлеуетін арттырғанын, сондықтан Данияның осы салаға инвестицияны ұлғайтуы керек. Министр елге қауіп төнбейтінін, бірақ одақ гибридті шабуылдарға тап болуы мүмкін екенін айтты.

Алаңдауға барлық негіз бар, — деп қорытындылады Поульсен.

Мәскеу мен НАТО арасындағы қақтығыстың ұқсас мерзімдері туралы бұған дейін Эстония премьер-министрі Кая Каллас та атаған. Барлау деректеріне сілтеме жасай отырып, ол Ресей Балтық елдерін блоктың "ең осал бөлігі" ретінде қарастыратынын және оларға қарсы әрекеттер жасай алатынын айтты.

Ал Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус 5-8 жыл ішінде Одақ пен Мәскеудің қақтығысына дайындалуға шақырды.

Президент Владимир Путин АҚШ журналисі Такер Карлсонға берген сұхбатында ықтимал жаһандық қақтығыс туралы әңгімелерді альянста "өз халқын қорқытуға" тырысатын "ойдан шығарылған" қауіп деп атады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85