Венесуэла Гайана маңындағы даулы аймаққа әскери күшін жинап жатыр

Венесуэла Эссекибо аймағында әскери күшін тартуда

Админ
10/02/2024 - 16:47

Carolina Cabral / Getty Images

Carolina Cabral / Getty Images

Өткен жылы екі елдің көпжылдық аумақтық дауы шиеленісе түсті. Олар қақтығысты диалог арқылы шешуге келісті, дегенмен Венесуэла Гайана шекарасына әскери техникасын тартып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz The Guardian сайтына сілтеме жасап.

Спутниктік суреттерге сәйкес Венесуэла әскери базаларын кеңейтіп, көрші Гайанамен шекарада әскер жинап жатыр. Екі ел пайдалы қазбаларға бай Эссекибо аймағы үшін бір-бірімен дауласқанымен, жақында мәселені бейбіт жолмен шешуге келіскен еді.

Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшылары Венесуэла әскерлерінің Гайана шекарасында тұрғанын ескертті. Олардың айтуынша, Венесуэла шенеуніктері Гайана дипломаттарымен кездесулер өткізіп жатқанда, Венесуэла армиясы шекарадан дәл қасында жаттығулар ұйымдастырып жатыр. 

Сарапшылардың ойынша, Венесуэланың мұндай әрекеті міндетті түрде соғысқа дайындық емес. Олар ішкі себептерге де байланысты болуы мүмкін. Президент Николас Мадуро азаматтардың назарын экономика мәселелерінен алшақтату үшін әскери күштің осындай іс-қимылдарын қолданыу әбден мүмкін.

Бұл аймақтағы шиеленісті жағдайға жауап ретінде осы аптада Бразилия Гайана мен Венесуэла шекарасында өзінің әскери қатысуын күшейтті. Сонымен қатар АҚШ Гайана қарулы күштерін жаңа ұшақтармен, тікұшақтармен, дрондармен және радарлармен қамтамасыз ету арқылы күшейтуге келісті.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91