Қарулы Күштердің құрылғанына 96 жыл толуына орай Си Цзиньпин үндеу жасады
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Халық-азаттық армиясын жауынгерлік дайындыққа шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Eadaily сайтына сілтеме жасап.
Қарулы Күштердің құрылғанына 96 жыл толуына орай жасаған үндеуінде Си Цзиньпин әскерилер жауынгерлік мүмкіндіктерді кеңейтіп, жауынгерлік дайындықты арттыруы керек деді.
«Біз жауынгерлік мүмкіндіктердің қалыптасуын жеделдету және жауынгерлік жүйеге ену үшін жаңа техника мен жаңа күштерді талап етуіміз керек», — деді Си Цзиньпин.
Агенттік атап өткендей, Қытай басшысының мәлімдемесі Тайвань айналасындағы жағдайдың нашарлауы аясында айтылған.
Бұған дейін, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Тайвань істері жөніндегі кеңсесінің ресми өкілі Чен Синьхуа Тайваньға АҚШ-тың әскери көмегі аралдың Қытаймен бірігуіне кедергі келтірмейтінін айтқан болатын.