Иранда оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады

Пеям әуежайы қоғаммен байланыстар дирекциясы мәлімдеме жасады

Нұрдәулет Кәкіш
01/08/2023 - 18:36

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Иранның Кередж қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілішсі IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Иранның IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пеям әуежайы қоғаммен байланыстар дирекциясы оқиға туралы жазбаша мәлімдеме жасады.

«Кередж қаласындағы Пеям әуежайында оқу-жаттығу ұшағы құлап, екі адам қаза тапты», - делінген мәлімдемеде.

Ұшақтың апатқа ұшырау себебі туралы ақпарат әзірге белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41