NASA өткен айда байланыстан жоғалған планетааралық аппаратынан сигнал алды

Мамандар байланысты қалпына келтіруге әрекеттеніп жатыр

Нұрдәулет Кәкіш
01/08/2023 - 17:53

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) мамандары шілде айында байланыстан жоғалған Voyager-2 планетааралық зондынан сигнал алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz америкалық ғарыш басқармасына сілтеме жасап.

«Терең ғарыштық байланыс желісі Voyager-2-ден тасымалдаушы сигналды қабылдады. Бұл бізге ғарыш аппаратының тұрақты жұмыс істейтінін көрсетті», - делінген америкалық ғарыш басқармасы таратқан ақпаратта.

28 шілдеде NASA зондқа 21 шілдеде жіберілген бірқатар жоспарланған команда байқаусызда антеннаның жерден екі градусқа ауытқуына әкеліп соқтырған. Бұған дейін аппараттың командаларды қабылдау және деректерді беру қабілетін жоғалтты деп мәлімдеген болатын.

NASA атап өткендей, Voyager-2 антеннаның жерге бағытталуын сақтау үшін жылына бірнеше рет кеңістіктегі бағдарды өзгертуге бағдарламаланған. Келесі қайта бағдарлау 15 қазанда болады. Мамандар байланысты қалпына келтіруге әрекеттенуде.

Voyager-1 және Voyager-2 зондтары 1977 жылы терең ғарыш пен Күн жүйесінің ірі планеталарын зерттеу үшін ұшырылған. Жоспарланған пайдалану мерзімі әлдеқашан аяқталғанымен, олар жұлдызаралық кеңістік туралы деректерді жинауды жалғастыруда. Сонымен қатар бұл зондтар әлі де осы бағыттағы жалғыз ғарыш аппараттары болып саналады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85