Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Сирияның солтүстігінде 12 террорист және Иракта 2 террорист залалсыздандырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz TRT ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Террористтердің ұясын жоюды жалғастырудамыз. Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциясы аясында анықталған екі PKK террорисі Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылды. Терроризмнің көзін жоюға бел будық және күресте табандымыз», - делінген Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Министрліктің бұған дейінгі мәлімдемесінде:
«Батыр түрік әскері Сирияның солтүстігінде террористермен күресті нәтижелі және табанды түрде жалғастыруда. «Евфрат қалқаны» операциясы аймағына арандату оғын атқан PKK/YPG мүшесі 12 террорист сәтті операциямен залалсыздандырылды», - делінген.