Джо Байден Демократиялық партияның алғашқы праймеризінде жеңіске жетті

Дауыс берудің алдын ала қорытындылары шықты

Админ
04/02/2024 - 14:34

Kent Nishimura/AFP

Kent Nishimura/AFP

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Оңтүстік Каролинада өтіп жатқан Демократиялық партияның праймеризінде қарсыластарынан айтарлықтай алда келеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы іс-шараның онлайн трансляцияларын жүргізіп жатқан The New York Times және The Washington Post басылымдары мәлім етті.

Қазіргі кезде дауыстардың 95 пайызы саналып бітті. Әзірге Байден праймеризде 96,2 пайыз дауыс жинады, ал оның қарсыластары жазушы Марианна Уильямсон мен Миннесота конгрессмені Дин Филлипс 2,1 және 1,7 пайыз иеленді.

Айта кетейік, 2020 жылы да Оңтүстік Каролинадағы сайлау науқаны кезінде Байден праймеризде айқын жеңіске жеткен.

Оңтүстік Каролинадағы дауыс беру – қараша айында өтетін АҚШ президенті сайлауына дейінгі Демократиялық партияның алғашқы ресми праймеризі. Осыны ескере отырып, сарапшылар бұл іс-шараны Байденге қатысты сайлаушылардың көңіл-күйін тексеру ретінде қарастырды, себебі қазіргі таңда саясаткер айқын қолдауға ие емес.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16