Ақ үй Украинаға қаржылай көмек бермейтін заң жобасына қарсы шықты

Админ
04/02/2024 - 12:50

vesti.az

vesti.az

АҚШ президентінің әкімшілігі Украинаға қосымша ақша бөлмей, Израильге көмек көрсету туралы Өкілдер палатасының заң жобасына қарсы шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBС сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон келесі аптада Израильге 17,6 миллиард доллар көмек беру туралы заң жобасы бойынша дауыс беру өтетінін айтты.

Былтыр қазан айында АҚШ президенті Джо Байден Конгреске Украина мен Израильге көмектесу үшін 106 миллиард доллар бөлуді ұсынған еді. Алайда ешқандай шешім қабылданған жоқ.

Енді Джонсонның айтуынша, АҚШ-тың Украина мен Израильге бірдей көмек беруге, сондай-ақ АҚШ шекарасында пайда болған мәселеге байланысты барлығын бір пакетпен қарастыруға уақыты жоқ. Себебі Израильге көмек шұғыл қажет.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85