КХДР зымыран ғылымының бас басқармасы мәлімдеме жариялады
Солтүстік Корея қанатты зымыранның аса ірі жойғыш бөлігінің қуатын сынап, жаңа зениттік зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.
Кореяның Батыс теңізінде елдің зымыран ғылымының бас басқармасы қанатты зымыранның ультра үлкен жойғыш бөлігінің қуатын сынап көрді. Сондай-ақ әскерилер жаңа зениттік зымыранды сынақтан өткізді.
Бұл сынақтар зымырандардың қызметін, қуатын және басқаруын, сондай-ақ жаңа қару-жарақтың әртүрлі аспектілерінде технологияны күрт дамытуға бағытталған. Сынақтар бас басқарманың және оған қарасты қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу институттарының тұрақты қызметі аясында өткізілді. Іс-шараның аймақтағы жағдаймен ешқандай байланысы жоқ. Бұл сынақтар қоршаған елдердің қауіпсіздігіне теріс әсер еткен жоқ, – деп мәлімдеді басқарма.