Әскери жаттығу Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өтеді
Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері тамыз айында алғаш рет әуе күштерінің бірлескен жаттығуын өткізеді, деп хабарлады Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
ҚХР Қорғаныс министрлігі әскери жаттығу Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өтетінін мәлімдеді.
«Бұл – Қытай әуе күштері мен БАӘ-нің алғашқы бірлескен жаттығулары. Олар екі мемлекеттің Қарулы күштері арасындағы тәжірбиелік алмасу мен ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Сондай-ақ өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал етеді» - делінген хабарламада.