Шойгу Мәскеу мен Бейжіңнің батыс елдерінен айырмашылығы туралы айтты

Шойгу: Ресей мен Қытайдың ынтымақтастығы Үшінші елдерге қарсы емес

Нұрдәулет Кәкіш
31/01/2024 - 22:38

Фото: РИА новости

Фото: РИА новости

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сәрсенбіде бейнеконференция режимінде өткен ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюнмен келіссөздер барысында Ресей мен Қытай барлық бағыт бойынша қорғаныс саласында ынтымақтасады деп мәлімдеді, Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шойгу Мәскеу мен Бейжің кейбір батыс елдерінен айырмашылығы әскери блоктар жасамайтынын атап өтті.

«Құрлықта, теңізде және әуеде жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын жүйелі түрде өткіземіз. Әртүрлі күрделіліктегі оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтаймыз», - деп түсіндірді министр.

Ол әрі қарай да тығыз әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Бұған дейін әскери шолушы Чэнь Си Sohu порталына жазған мақаласында қақтығыс жалғасқан жағдайда Украинаның одан да үлкен аумақтарын жоғалтуы мүмкін екенін болжаған. Оның айтуынша, Украинада көптеген адамдар қақтығысты тоқтату қажеттілігі туралы айтуда.

АҚШ Қарулы күштерінің бұрынғы барлаушысы Скотт Риттер Ресей армиясының Одесса қаласына жақындауы Украина үшін шешуші сәт болатынын айтты.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытай қазір планетадағы «әлемдік тәртіпке ең қауіпті елдер» деп мәлімдеген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91