Си Цзиньпин Қытай армиясының модернизациясын жеделдетуді бұйырды

ҚХР Төрағасы ҚХАА-ның жауынгерлік қабілетін арттыру үшін заманауи жабдықтарды енгізу қажеттігін атап өтті

Sarbaz.kz редакторы
31/07/2023 - 18:55

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Орталық әскери кеңестің басшысы, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Батыс жауынгерлік қолбасшылық аймағын тексеру барысында Қытай Халық-азаттық армиясын жаңғырту процесін жеделдету туралы бұйрық берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Xinhua-ға сілтеме жасап.

«Жаңа дәуірде мықты армия құруға қатысты идеяларды іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Еліміздің Қарулы күштерін жаңғырту үдерісін жеделдету керек», - деді Қытай көшбасшысы.

Сонымен қатар ол тиісті өзгерістер партияның ХХ съезінің рухына сәйкес, жүзеге асырылуы керектігін атап өтті. Партияның ХХ съезі 2022 жылдың қазан айында Бейжіңде өткен болатын. Си Цзиньпин ҚХАА-ның жауынгерлік қабілетін арттыру үшін заманауи жабдықты енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударды.

ҚХР төрағасының айтуынша, қытай әскері нақты ұрыс жағдайында жаттығулар өткізу арқылы өз дағдыларын жетілдіруі керек. Ол сарбаздар мен офицерлер де идеологиялық және саяси дайындыққа көп көңіл бөлуге міндетті екенін еске салды.

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75