Marlin Luanda танкері йемендік хуситтер атқан зымыран соққысынан кейін бірнеше сағат бойы өртенді
Оқиға Аден шығанағында болды. Экипаж эвакуацияланды, зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ, деп хабарлайды Sarbaz.kz bcc сайтына сілтеме жасап.
Британиялық Trafigura танкер операторының ақпаратынша, қазіргі уақытта кеме жақын маңдағы портқа бет алды.
Танкерге шабуыл сенбіге қараған түні Қызыл теңізден шыққан кезде болды. Өрт кеменің жүк бөлімдерінің бірінде басталды, оны оқшаулау үшін өртке қарсы жабдық қолданылды.
Өрт сөндіруге жақын маңдағы француз, үнді және АҚШ флотының кемелері көмектесті.
Біз бұған дейін хуситтер жіберген зымыран Ресей мұнайы бар танкерге тигені туралы жазған едік.