Іс-сапар ақпан айының басына жоспарланған
Bloomberg агенттігі ақпан айының бірінші жартысында Германия канцлері Олаф Шольц АҚШ президенті Джо Байденмен Украинаға қосымша көмек бөлуді талқылау үшін Вашингтонға баруды жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Айта кетейік, қазіргі кезде АҚШ-тың Украинаны қолдауға бөлген қаражаты таусылып, қосымша 61 миллиард долларлық пакетті Конгресс әлі мақұлдамай отыр.
Ал Еуропалық одақ келесі аптада саммит өткізеді. Онда одақ мүшелері Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек бөлу туралы келіссөздер жүргізуге тырысады.
Bloomberg ақпаратынша, Шольц әлем елдерін Украинаны қолдауды арттыруға шақырып, ЕО-ға кіретін мемлекеттерді осы мәселеге жеткілікті күш жұмсамай отырғанын жеткізді.
Қазіргі кезде Германия Украинаға қару-жарақ пен қаржылық көмектің негізгі жеткізушісі саналады. Олар өткен жылдың соңында Киевті әскери қолдауға 8 миллиард еуро бөлуге уәде берді.