АҚШ соңғы 15 жылда алғаш рет Ұлыбританияда ядролық қару орналастырады

Мұндай шешім «ресейлік қауіпке» жауап ретінде қабылданды 

Админ
27/01/2024 - 22:31

Nestor Trujillo / Los Alamos National Laboratory/AP

Nestor Trujillo / Los Alamos National Laboratory/AP

Америка Құрама Штаттары Ресейдің ықтимал қаупіне қарсы тұру үшін 15 жылда алғаш рет Ұлыбританияда ядролық қаруды орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Пентагонның құжаттарына сілтеме жасай отырып, британдық The Telegraph газеті хабарлайды.

Ядролық қару Саффолктағы Ұлыбритания Корольдік Әуе күштерінің Лейкенхит әуе базасында орналасады. Олардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 3 есе жоғары деп жазады басылым.

Ақпаратты ашу Батыста Ресеймен ықтимал қақтығысты талқылаудың күшеюі аясында болды. Мәселен 18 қаңтарда НАТО әскери комитетінің басшысы Нидерланд Әскери-теңіз күштерінің адмиралы Роб Бауэр альянс елдерінің билігі мен халқы Ресеймен толыққанды қақтығысқа дайын болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, бұған халық пен өнеркәсіп алдағы 20 жылда ауқымды жұмылдыруға дайын болуы керек.

Тегтер

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04